Салтанатты жиын » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 230-25-2-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
қараша
2019

Салтанатты жиын

     «Көлденең орта мектебі және балабақша»  КММ  бойынша  29.11.19  жылы  1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне  арналған  салтанатты  жиын  өтті.  Сыныптар сап түзеп,  топ аттары  мен  ұрандарын  айтып, рапоттарын тапсырды. Мектеп туы кіргізіліп, Мемлекеттік  Гимн орындалды.  Құттықтау  сөз  мектеп директоры К.М.Нурбаев  пен тәрбие ісінің меңгерушісі  С.И.Ибраимоваға берілді. Мектепішілік шараларға белсене қатысатын  оқушылар  марапатталды.  4 «А»  сынып  «Мен  Елімнің ұланымын»  атты  әдеби – сазды  монтаж  ұсынды. Республикалық ән конкурсының лауреаты Кудагельдинова Айжүз «Елбасы- елбағым»  әнін нақышына келтіріп  орындады, 4 сынып оқушысы Екпін Ерболаттың  «Қазақстан»  әні патриоттық  рухта шырқалды. Әдеби –сазды  монтаж  флешмобпен  аяқталды.  Келесі кезекте  1 сыныптарды  «Жас қыран»  тобына  қабылдау рәсімі  өтті.     1 сынып оқушылары  ант  қабылдап, олардың кеуделеріне  ұстаздар  мен озат оқушылар  төсбелгілерін  тақты. «Жас ұлан» Гимні шырқалды. Мектеп туы шығарылып,  салтанатты  жиын  жабық  деп  жарияланды.


Похожие публикации:

21 ақпан 2020 Әдеби кеш
12 маусым 2019 Түлектер кеші
11 қараша 2018 РАН
31 тамыз 2018 1 қыркүйек