16
ақпан
2021
Ауған соғысының ардагерімен кездесу
Батырмен кездесу.
Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Көлденең орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемелекеттік мекемесі бойынша 15 ақпан2021оқу жылында Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай мектебіміздің түлегі Кривокарытов Юрий Андреевичпен кездесу өткізілді. Санпин талаптарын қатаң сақтай отырып, бүгінгі күннің батырымен кездесу барысында, Юрий Андреевич өзінің мектеп қабырғасында өткен балалық шағы туралы айтып өтті. 1979 жылы Кеңес әскері құрамына шақырылады. Осы жылдың 24 желтоқсанында Ауған жеріне, Герат тауы арқылы Кеңес әскерінің 4 ротасына жеткізіледі. Гераттағы алғашқы айқаста 6 адам қаза табады. 1981 жылы Герат түбіндегі шайқаста жарақат алады да Ташкент қаласындағы әскери госпитальға жатқызылады. Қатардағы жауынгер жарақатына байланысты әскерден босатылады. Әскерден босатылғаннан кейін Юра «Юбилейный» колхозында ұзақ жылдар бойы тракторист, жүргізуші болып жұмыстар атқарды.Кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған «Көлденең орта мектеп-бақша» КММ-сінің алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Серік Нұғұмарұлы Коржубаев пен сынып жетекшілер Елекенова Айгүл Чайзатқызы, Кудерина Лира Амангелдіқызына алғысымыз шексіз.