КВН » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 230-25-2-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қараша
2018

КВН

 

 

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ.
Көлденең орта мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ » тақырыбында құқықтық апталықтың өтуіне байланысты атаулы іс-шаралар болып өтті .Түзу сызық бойында апталықтың ашылуында 8 сынып оқушылары «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әдеби-сазды монтаж ұсынды.1- 4 сыныптар аралығында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 7 сынып оқушылары «Отбасында зорлыққа жол бермейік!» тақырыбында шығарма жазса, 8-11 сыныптар «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» деген тақырыпта көңілді тапқырлар клубы кеш өткізді. Оқушылардан құрылған көңілді-тапқырлар клубы тапқыр да өткір әзілдерімен көрермендерді қуанта білді.Ата-аналармен бірге оқушылардан «Менің отбасымда әлімжеттік бар ма?» деген тақырыпта сауалнамалар алынды. 9-11 сыныптар «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» атты эссе жазды. Сонымен қатар «Ата-аналарға ынталандыру және жазалау жөнінде» ақпараттық парақшалар таратылды. Аталған іс-шараны өткізудегі біздің мақсатымыз әр отбасында, қоғамда, мектепте балалардың құқығын қорғау мақсатында, әрбір бүлдіршіннің бақытты болуға құқы бар екендігін, сәбидің қоғамдағы және отбасындағы алатын орны, сонымен қатар ата-ананың бала алдындағы міндеттерін атап көрсетіп, олардың міндеттерін айқындайтын заңдық құжаттармен таныстыру болды. Бала бақыты- әрбір отбасы үшін маңызды болуы қажет. Бала- біздің ертеңіміздің болашағы.Болашағымыз айқын болу үшін-балаларымызға саналы түрде, дұрыс бағыттағы тәрбие беру-біздің ата-аналық борышымыз.
Тәрбиесіз берілген білім-қоғам үшін қауіпті, олай болса, ел болу үшін бесігімізді түзейік, ағайын!


Көлденең орта мектебі және балабақша» КММ-сі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ибраимова Сағыныш Ибраимқызы.

Похожие публикации:

11 қараша 2018 РАН
19 қазан 2018 Алтын күз
16 мамыр 2018 Жиналыс
27 ақпан 2018 Марапат