ҚР Президенті Қ.-Ж. К.Тоқаетың Үндеуін талқылау » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 230-25-2-42
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » ҚР Президенті Қ.-Ж. К.Тоқаетың Үндеуін талқылау
12
қаңтар
2022

ҚР Президенті Қ.-Ж. К.Тоқаетың Үндеуін талқылау

Кезектен тыс педагогикалық кеңестің хаттамасы


Өтілу мерзімі: 12.01.2022ж

Қатысқаны:33       Қатыспағаны: 0



Күн тәртібінде:

  1. ҚР Президенті Қ Ж Тоқаевтың 11 қаңтарда жасаған үндеуімен таныстыру; 



Барысы:

Тыңдалынды: Бірінші мәселе бойынша, мектеп директоры К.М.Нурбаев мектеп ұжымын  ҚР Президенті Қ Ж Тоқаевтың 2022ж 11 қаңтарда жасаған үндеуімен таныстырды. Елдегі саяси және әлеуметтік –экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жолдарымен таныстырды. Үндеудің мақсаты: елімізде тыныштық орнату. Халықтың бірлігімен Қазақстанның жаңа замандағы дамуы тікелей байланысты екенін айтты.  Біз барлық қиындықты бірлесе еңсереміз, жаңа мемлекетті, президенттің жанына топтасып, бір ел болып еңбек етеміз. 

Мектептің жас ұстазы Құсман Қаулан сөз алды: елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, халықтың тұрмысының жақсаруы –жастардың болашаққа нық сеніммен қарауына мүмкіндік тудырады. 

Мектептің тарих пәні мұғалімі Г.С.Истемесова сөз алды: Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстандағы қазіргі жағдайға байланысты конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін, қабылданып жатқан шараларды қолдаймыз. Халықтың өмір қауіпсіздігіне, әл-ауқатына асар назар аударатынына сенімдіміз. 

Мектептің оқу ісі меңгерушісі Т.Б.Абдуллин сөз алды:  Қасым Жомарт Тоқаев кешегі үндеуінде «Мектептің жүрегі-мұғалім», дей отырып, мұғалімдерді қазіргі жахандану заманында сапалы білім беру, цифрлық сауаттылықты артыру қажеттілігін жете атап өтті. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ мамандығына ерте жастан бейімделу, мұғалім қолында . 

Ұсыныс : дүйсенбі күні сабаққа келгенде әр сыныпта сынып сағаттары өткізіліп, сынып жетекшілер балаларды Қазақстандағы жағдаймен таныстырып, өскелең ұрпақтың саяси көзқарасының қалыптасуына септігімізді тигізейік.

Қаулы :

  1. ҚР Президенті Қ Ж Тоқаевтың 11 қаңтарда жасаған үндеуін қолдаймыз. Ұстаздарға айтылған тапсырманы басшылыққа аламыз.



Жиналыс төрағасы:                     К.М.Нурбаев

Жиналыс хатшысы:                     Л.А.Кудерина

Похожие публикации:

17 қыркүйек 2020 Ата-ана жиналысы
23 қыркүйек 2020 Праймериз-2020