1 наурыз - алғыс айту күні » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 230-25-2-42
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 1 наурыз - алғыс айту күні
02
наурыз
2018

1 наурыз - алғыс айту күні

«Көлденең орта мектебі және балабақша» КММ-сі бойынша «1-наурыз – Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар туралы
МӘЛІМЕТ.
2017-2018 оқу жылы

«Көлденең орта мектебі және балабақша» КММ-сі бойынша 1 наурыз - «Алғыс айту» күніне орай мектеп фойесіде безендіру жұмыстары жүргізілді. Сыныптар мерекелік қабырға газеттерін шығарды. Сурет пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен сурет көрмесі өткізілді. 1-4 сыныптар арасында «Алғысым шексіз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілсе, 5-11 сыныптар аралығында «Бір шаңырақ аясында» тақырыбында Қазақстан республикасында тұратын түрлі ұлт пен ұлыстардың татулығы мен бірлігін дәріптейтін фестиваль өткізілді. Фестиваль Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен, Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрмет көрсетумен басталды. Фестивальдің мақсаты бір отанды мекен еткен халықтар достығы мен бірлігін ұлықтау. Фестивальде сыныптар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, сол ұлттың ұлттық асханасынан түрлі дәмдерін, олардың жасалу ерекшелігін түсіндіре отырып, сол ұлттың әндерін орындап, билерін билеп, өмірдегі салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Ең соңында барлық ұлт өкілдері бірігіп қазақтың қара жорға биін нақышына келтіре отырып орындады. Кітапханада «Ортақ тарих, ортақ тағдыр-біртұтас ұлт», «Елбасына алғысымыз шексіз» тақырыбында кітап сөрелері ұйымдастырылып, оқушылылар конференциясы өткізілді.Сонымен қатар мектебімізде мерекелік іс-шараға орай спорттық ойындар ұйымдастырылды, ұлдар мен қыздар арсында 8-11 сыныптар арасында ұлдар мен қыздар арсында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде І орын 11 сынып, ІІ-ІІІ орындарды 8-10 сыныптар өзара бөлісті.
Мереке күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтау шаралары ұйымдастырылды.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ибраимова С.