Қыздармен жиналыс » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 230-25-2-42
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
30
қаңтар
2024

Қыздармен жиналыс

«Көлденең орта мектеп-бақшасы»  КММ  8-9-10 сынып қыздарымен  «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында «Ерте жыныстық қатынас пен ерте   жүктіліктің алдын алу»  қыздармен әңгіме жүргізілді. Мақсаты: жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету. Міндеттер: Оқушыларды ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерімен таныстыру. 

  • Жасөспірімдік жаста туындайтын мәселелік жағдайларды өздігінен талдау икемділігін қалыптастыру 
  • Ерте жүктіліктің себептерін анықтау және талқылау
  • Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу

      Ауылдың   терапевт-дәрігері  Касимова А.Т.,  мед.бике Еркебуланова Б. Және мектеп мейіргері  Бакимбаев  Ә. әңгіме   барысында  презентация  көрсетіп, тақырып  бойынша   әңгіме  жүргізіді. Ерте жыныстық қатынас  пен ерте жүктіліктің  алдын алу   бойынша  маман ретінде  түсіндірме   жүргізді. Әр жасөспірімде өнегелі отбасы мінсіздігі, оның құндылығы және адам үшін қажеттілігі, өмірлік берекенің, денсаулықтың сақталуы, өмірлік қиындықтарды жеңілдету, жеңу негізі ретіндегі түсінігі ұйымдастырылған болуы қажет екені айтылды. Отбасын нығайту, салауатты өмір салтын ұстанатын отбасыларды көбейту туралы айтылды.