"Ауған соғысының жаңғырығы" атты әскери-спорттық сайыс
Көлденең орта мектебінде 15.02.2024 жылы 9-10 сынып ұлдары арасында «Ауған соғысының жаңғырығы» атты әскери-спорттық сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларды патриотизмге баулу, оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру, оқушылар арасында достықты нығайту, дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру, өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. 9-10 сыныптар арасындағы жарыста әр команда күш сайыстырып қоймай, сондай-ақ, нысананы көздеп ату, қашықтыққа жүгіру, алысқа секіру, турникке тартылу, арқан тартыс және АӘД курсы бойынша білімдерін де ортаға салды.