21
қаңтар
2026
Халықаралық семинар
⚜️Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Көлденең орта мектеп-бақшасы"КММ-нің директоры С.И Ибраимова Монғолия мемлекетінде өткен халықаралық семинарға қатысып,"Алтай тауы халықының “Мадай- Қара жыры” және қазақ халқының эпостары арасындағы мифопоэтикалық параллельдер"тақырыбында баяндамасын оқып, өз тәжірибесімен бөлісіп келді . Сондай-ақ Қазақстаннан барған ұстаздар Монғолия мемлекетінің ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдірді......Алғыс сөзҚазақстандық ғылыми қауымдастық атынан Моңғолия мемлекеті, Баян-Өлгей қаласында орналасқан Моңғол мемлекеттік білім университетінің Баян-Өлгей аймақтық филиалының басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және ұйымдастыру комитетіне халықаралық ғылыми конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғандарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Аталған конференция ғылым, білім, тарих, тіл, мәдениет, экология және экономикалық мәселелерді қамти отырып, Алтай тау өңірінің тұрақты дамуына қатысты өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік берді. Халықаралық ғылыми алаңда пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және жаңа ғылыми байланыстар орнату біз үшін үлкен маңызға ие болды.
Қонақжайлықтарыңыз, кәсіби ұйымдастыру деңгейі және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бұл конференция Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ғылыми-академиялық байланысты одан әрі тереңдетуге берік негіз қалайды деп сенеміз.
Сіздерге толағай табыс, ғылыми ізденістеріңізге шығармашылық шабыт, ал екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нығая беруін тілейміз....