12
қараша
2025
Мониторингтік комиссияның мектеп асханасын тексеруі
2025 жылдың 12 қараша күні мектеп асханасының жұмысын бақылау мақсатында мониторингтік комиссия тексеріс жүргізді. Комиссия құрамында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, медбике және ата-аналар комитетінің өкілдері болды.
Тексеру барысында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы, тағам сапасы, мәзірдің талапқа сай жасалуы, тамақтардың калориялық мөлшері мен өнімдердің жарамдылық мерзімі қаралды.
Асхана іші таза, жарық, желдету жүйесі дұрыс жұмыс істейтіні анықталды. Қызметкерлердің арнайы киіммен жұмыс істеуі, жеке бас гигиенасын сақтау талаптары орындалған. Тағамдар сапасы мен дәмі жақсы, тағам қалдықтары уақтылы жиналып, қоқыс жәшіктері жабық күйде сақталған.
Күнделікті мәзір санитарлық дәрігердің келісімімен бекітілген. Балалардың тамақтану уақыты белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Асхананың жабдықтары мен ыдыстары таза және санитарлық нормаларға сай екені байқалды.
Мониторинг нәтижесі бойынша мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды. Комиссия мүшелері тарапынан ескерту болған жоқ