13
қыркүйек
2022
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген "Дарынды оқушының – Дара жолы" атты онлайн-сұхбат
ШҚО білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Көлденең орта мектеп-бақшасы» КММ-де А.Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында 13-қыркүйек күні аудандық, облыстық, Республикалық қазақ тілі пәнінен олимпиадалардың жеңімпазы, 11 «Б» сынып оқушысы Божко Валентина Юрьевнамен «Дарынды оқушының – Дара жолы» атты онлайн-сұхбаты өткізілді. Сұхбатты мектебіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғайниева Уммілгүлсім Төлегенқызы жүргізді. Сұхбатымыздың шымылдығын Үржар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Жакашева Гульнара Байманқызы, Батырбекова Жұпар Кәбірқызы, сондай-ақ мектеп директоры Ибраимова Сағыныш Ибраимқызы ашып берді. Жылы лебіздерін білдірді. Сұхбат барысында Божко Валентина мен жетекшісі, әдіскер Коржубаева Раушан Тлеуғазықызына сұрақтар қойылды. Божко Валентинаның әжесі Белашова Валентина Григорьевна құттықтау тілегін бейнеролик түрінде жолдады. Сұхбат соңында Божко Валентина А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өлең-шумақтарын арнады.
Валентинаға айтарымыз өмірде де, өнерде де әрдайым жұлдызыңыз жарқырай берсін!
Валентинаға айтарымыз өмірде де, өнерде де әрдайым жұлдызыңыз жарқырай берсін!