«Тіл – татулық тірегі» тақырыбы аясында тілдер апталығы » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 230-25-2-42
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл – татулық тірегі» тақырыбы аясында тілдер апталығы
12
қыркүйек
2022

«Тіл – татулық тірегі» тақырыбы аясында тілдер апталығы

Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында Қазақ тілі, Орыс тілі және Ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктерінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 5-15 қыркүйек аралығында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбы аясында тілдер апталығының жоспары құрылып, жүзеге асырылылды. Тілдер апталығы әдеби сазды монтажбен бастауын алды. Ағылшын тілі пәнінің ұстаздары Дужасарова Кулбаран Абдулдаевна, Кудерина Лира Амангелдіқызы "Knowledge is Power" тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырды. Орыс тілі пәнінің ұстазы Көбелдесова Айнұр Жақанқызы Игра — Викторина "Королевство языков" тақырыбында викториналық ойын және Елекенова Айгүл Чайзатқызы "Праздник языков" тақырыбында сайыс өткізіп, оқушылардың білімін сынады. Қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Ғайниева Уммілгүлсім Төлегенқызы, Сайранбекова Зере Сайранбекқызы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Армысыз, асыл сөзді Ахмет ата!" тақырыбында құпия хат айдарын өткізді.