30
қаңтар
2021
Эко мәлімет
«Көлденең орта мектеп-бақшасы» КММ-сі бойынша 2020-2021 жаңа оқу жылында оқушыларды табиғатты аялауға, сүюге және қоршаған ортаны ластау қауіптерін болдырмау мақсатында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды ұғынуға, қоршаған әлемді байқағыштықты, ізденімпаздықты, үйлесімді, сезімтал қабылдауды дамытуға бағытау, табиғат байлықтарын құрметтеу мен үнемдеу дағдыларын дамыту мақсатында экологиялық түрлі іс-шаралар өткізілді.1-4 сыныптар аралығында «Бізді қоршап тұрған әлем» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. 2-3 сыныптарда «Құстар біздің қанатты достарымыз» тақырыбында құстарға ұя жасау байқауы өтті. 5-7 сыныптарда «Менің эко әлемім» тақырыбында сурет салудан сайыс өткізілді. 8-9 сыныптар аралығында «Гүлдер әлемі-сұлулық әлемі», «Су-тіршілік көзі» тақырыбында қашықтықтан ең үздік фотосурет конкурсы өткізілді. 8 сыныпта «Бізді қоршаған орта» сынып сағаты өткізілді. 6-7 сыныптар аралығында «Мен ауылдың табиғатын сүемін!» тақырыбында үздік фотожоба байқауы өткізілді. Қазіргі кезеңде етек алып отырған короновирустық пандемияға байланысты сақтық шараларын күшейту және сақтандыру жолдарын оқушыларға түсіндіру мақсатында «Менің гигиенам-менің саулығымның кепілі» тақырыбында барлық сыныптарда челлендждер ұйымдастырылды.