Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Көлденең орта мектебі мен ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 13.02.2024 жылы Ауған соғысының ардагерлері Ю.Кривокарытов және Б.Неплюевпен кездесу ұйымдастырды. Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Юрий Кривокарытов пен Борис Неплюев ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ауған жерінен біздің ауылдан Василий Тишаков деген азамат оралмады. Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті. Жауынгер-интернационалистердің әңгімесі мен дембель альбомынан алынған фотосуреттері, көрсетілген бейнероликтер қатысушыларымызға игі әсер етті. Фотоальбомдарды парақтап көріп, ауған соғысы жауынгерлері туралы мерзімді басылымдардан ұсынылған жазбаларды оқып көрді. Ауған жолдарымен өткен жерлес жас сарбаздардың ерліктері туралы баяндайтын «Ауған соғысы тарихының беттері» атты кітап көрмесі де жастарға ерекше әсер етті.