1 қазан » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 230-25-2-42
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
қазан
2018

1 қазан

 

Қарттарым жүректерің неткен дархан, 

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. 

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен 

Оқитын келешекте бір-бір дастан. 

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен, 

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен. 

Тербедің көктем бағын самал болып 

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен, -  деп  ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Осы  мерекеге орай «Көлденең орта мектебі және балбақша» КММ – нің  9 «А» сынып оқушылары және мектеп тәлімгері мен психологы ауылымыздың   зейнеткері, тыл ардагері Цуренко Екатеринаны   мерекесімен құттықтап,  домшаруашылығына көмек көрсетіп  қайтты.  Өз тарапынан Катя апамыз  балаларға ризашылығын  білдірді. Әрқашан мектеп оқушыларының тарапынан көмек көрсетіліп туратыны туралы  өз сөзінде тиек етті. Көп жылдар  бойы  еңбек  етіп, қартайған шағында  осындай  балалардың көрсетіп отырған  құрметіне ие болғанына рахметін айтты.  

 

 

Әдіскер:                Гүлбахыт Үсенова

 

 

 

 

Похожие публикации:

31 тамыз 2018 1 қыркүйек
16 мамыр 2018 Жиналыс
20 наурыз 2018 Наурыз