"Қыз намысы-ұлт намысы" » Көлденең орта мектеп-бақшасы
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Көлденең орта мектеп-бақшасы"
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 230-25-2-42
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Қыз намысы-ұлт намысы"
18
қаңтар
2024

"Қыз намысы-ұлт намысы"


     

Көлденең орта мектебі  бойынша  қаңтар айының   16-нда  8-9-10 сынып қыздарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара қонақтары:  Әжелер мектебінен  Сагатбекова Райхан,  Мусина Батима, Тойганбаева Жазирахан  және Жеңгелер мектебінен: Кутжанова Айгуль, Салкынбаева Куралай, Касенова Назия, Серкебаева Гульназ  қатысты. Дөңгелек үстел  мақсаты:қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты  туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы  қыз балалардың  бойына   рухани-адамгершілік,  әдептілік, сыпайлық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық   жолға түспеуге тәрбиелеу.

         Жайылған  қазақтың ақ дастарханының  қонақтары  өздерінің   ойларын ортаға сала отырып, қыз тәрбиесі   жөнінде құнды  пікірлерімен бөлісті. Қыз тәрбиесіне байланысты   жағдаяттар  қаралды. Сонымен бірге   қыздарымыз кешке келген жеңгелері мен әжелеріне қыз  тәрбиесіне  байланысты   сұрақтар қойып, тұшымды  жауаптар алды. Кеш  барысында «Бұрымды  қыз»   сайысы  өтті.